ШЫҰ Үкіметтер басшыларының кеңесі: Асқар Маминнің Ташкентке сапарының қорытындысы

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Рrimeminister.kz сайты ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминннің Ташкент қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкіметтер басшылары кеңесінің (ҮБК) 18-отырысына қатысу қорытындысы бойынша видеодайджест жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Үкіметінің басшысы Ташкентте Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті. Келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, транзиттік-көлік және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша кең ауқымды мәселелер талқыланды. 2019 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара сауда-саттық 25%, яғни 2,6 млрд долларға дейін өсті. Алдағы жылдары тауар айналымын 5 млрд долларға дейін жеткізу жоспарда бар.

Сондай-ақ Асқар Мамин Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің Үкіметтер басшылары кеңесінің 18-ші отырысына қатысты. Шағын құрамдағы кездесу барысында ҚР Премьер-Министрі ШЫҰ Даму банкін және ШЫҰ дамыту қорын құру бойынша жұмыстарды жандандыруды, Ұйымға мүше мемлекеттердің өзара есептесулерінде ұлттық валюта үлесін арттыру жөніндегі «Жол картасын» бірлесіп әзірлеуді, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қаржы министрлері мен орталық банктерінің басшыларының кездесулерін қайта жаңғыртуды ұсынды.

Кеңейтілген құрамдағы отырыста Қазақстан Үкіметінің басшысы ШЫҰ, ЕАЭО, АСЕАН және ЕО арасындағы көпжақты диалог форматында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту қажеттігін баса айтты. Асқар Мамин ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттерді АХҚО алаңын жаңа қаржы өнімдері мен технологияларын тестілеу үшін пайдалануға шақырды. Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрі Цифрлық экономиканы дамыту жөніндегі кеңесті құру бастамасын көтерді.

ШЫҰ ҮБК шағын және кеңейтілген құрамдағы отырыстарының қорытындылары бойынша 14 құжат қабылданды, оның ішінде бірлескен коммюнике, Көпжақты сауда-экономикалық ынтымастастық бағдарламасының жаңа редакциясы, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің теміржол көлігі саласындағы теміржолда әкімшілендірудегі Өзара іс-қимыл тұжырымдамасы, ШЫҰ Экономикалық сараптау орталықтары консорциумының регламенті, ШЫҰ Қалаларының экологиялық қолайлылығын дамыту бағдарламасы және тағы басқалары бар.

Бұдан бөлек, Асқар Мамин ШЫҰ ҮБК отырысына қатысу үшін Ташкентке жасаған сапары аясында Ауғанстан Премьер-Министрі Абдулла Абдулламен екіжақты кездесу өткізді. Кездесуде ҚР-ның АИР-мен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығы, қазақстандық бизнестің Ауғанстанның энергетика, құрылыс, ауыл шаруашылығы, тау-кен өндірісі және мұнай-газ өнеркәсібі, көлік саласын дамытуға қатысуы мәселелері қаралды. Тараптар екіжақты және аймақтық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша диалогты дамыту туралы келісімге келді.

ШЫҰ ҮБК алаңында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен екіжақты кездесу өткізіп, онымен сауда-экономикалық, индустриялық, инвестициялық, энергетикалық, көлік-логистикалық ынтымақтастық, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу, электронды сауда, АХҚО дамыту салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Соңғы жаңалықтар