ШЫҰ-ның қызметі аймақтық қауіпсіздіктің маңызды факторларының бірі болып отыр - Марат Тәжин

None
None
АНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - ШЫҰ-ның қызметі аймақтық қауіпсіздіктің маңызды факторларының бірі болып отыр.

Бұл туралы бүгін Астанада ШЫҰ-ға мүше елдердің Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының VІ жиынынан кейінгі брифингте ҚР Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Тажин мәлім етті.

«ШЫҰ-ның беделі жылдан жылға артып келеді және оның қызметі аймақтық қауіпсіздіктің маңызды факторларының бірі болып отыр. Осы ұйымның төңірегінде аймақтағы қауіптерге қарсы бірлескен шаралар қабылданды»,-деді М. Тәжин.

Айта кетейік, бүгінгі басқосудан кейін алқалы жиынға қатысушылар ШЫҰ-ға мүше елдердің Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының VІ кездесуінің қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойды. Бұл кеңеске ҚХР Мемлекеттік кеңесінің мүшесі М. Цзяньчжу, Қырғызстан вице-премьері - Қорғаныс кеңесінің хатшысы Ш. Атаханов, Ресей Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары В. Булавин, Тәжікстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы А. Азимов, сондай-ақ Өзбекстан Президенті жанындағы ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы М. Атаев қатысты.

Соңғы жаңалықтар