ШЫҰ-ның қазіргі заманғы технопарктер пулын құру қажет - Қасым-Жомарт Тоқаев

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – ШЫҰ-ның қазіргі заманғы технопарктер пулын құру қажет. Бұл туралы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер кеңесінің 19-отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Бішкектен.

«ШЫҰ-ның қазіргі заманғы технопарктер пулын құру қажеттігі де пісіп жетілді. Бүгін қабылданатын біздің цифрландыру және инновациялық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық тұжырымдамамызызды іс жүзінде жүзеге асыруға негізделген. Бұл бағыттағы бірінші қадам ретінде ІТ-стартаптар халықаралық технопаркінде, Астана хаб базасында ШЫҰ елдерінің ІТ бойынша жас мамандарының форумын өткізуді ұсынамыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетсек, Қырғыз астанасы Бішкек қаласында өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 19-отырысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда.

Соңғы жаңалықтар