ШЫҰ-ның экологиялық проблемалар тізілімін тезірек бекіту қажет - Тоқаев

Фото: None
ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат – ШЫҰ-ның экологиялық проблемалар тізілімін тезірек бекіту қажет. Бұл туралы Душанбеде өтіп жатқан ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлемдік экономиканың жасыл рельске көшуі жүйе құраушы факторға айналып келеді. Тұрақты даму және қоршаған ортаны қорғау мәселелері ұйымыздың барлық мүше мемлекеттерінің басты назарында тұр. Сондықтан біз шұғыл ұжымдық шешімді талап ететін ШЫҰ-ның экологиялық проблемалар тізілімін тезірек бекітуді тағы да қолдаймыз», - деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ресурс үнемдеуші және экологиялық таза технологияларды кеңінен енгізу мақсатында ШЫҰ-ның жасыл белдеу бағдарламасына қол қоюды жақтайтындығын баса айтты.

«Тұрақты даму күнтәртібін мұнан ары ілгерілету үшін сіздерді Қазақстан елордасында жұмыс істейтін Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар халықаралық орталығымен ынтымақтастыққа шақырамыз. Бізге Еуразиядағы үлкен ойындар қажет емес. Бізге барлығымыз үшін бейбіт, қауіпсіз, тұрақты болашақ құру мақсатында үлкен серпіліс қажет. Ол үшін мемлекеттерімізде барлық жағдай, тәжірибе, құралдар, инфрақұрылым және ең бастысы әріптестікті кеңейтуге әрі бір-бірімен кездесуге баруға деген ортақ ниет бар. Біздің ортақ мақсатымыз – ШЫҰ кеңістігін тұрақты экономикалық дамыған әрі гүлден шағын өңірге айналдыру. Осынау изгі міндетті бірлесе отырып орындаймыз деп үміттенемін», - деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар