ШЫҰ-ның бірегей жастар хоры домбыра туралы композиция орындады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылғы Халықаралық бағбаншылық көрмесі аясында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының күнінде осыдан небәрі 2 апта бұрын ғана жасақталған ШЫҰ-ның жастар қоры жиналған жұртшылықты өнерлерімен тәнті етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің, байқаушы елдер мен ШЫҰ-мен диалог жөніндегі серіктестердің 18-35 жас аралығындағы 5 музыкантын қоса алғанда 56 орындаушыдан жасақталған ұжымы қазақ композиторы Сейдолла Бәйтерековтің «Күй» хорға арналған капелла шығармасын орындап, концерт берді. Ұйымның жастар қорының қатарында қазақстандық 4 әртіс бар. Олар: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы хорының хормейстері Ержан Сансызбаев, Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Шырын Ахмеджанова, Көкшетау қаласындағы Біржан сал атындағы музыкалық колледждің оқушысы және Ақмола облыстық филармониясының солисі Ақтолқын Иманғалиева, ағайынды халық әртістері Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан облыстық өнер училищесінің, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі Юлия Юрочкина.

«Қазақстанда іріктеу болып, біз өтінімді ШЫҰ хатшылығына жолдаған едік.Сол жерден бізді іріктеп алды. Қытайға осыдан екі апта бұрын келдік. Мұнда ШЫҰ-ға қатысушы қалған елдердің өкілдері жиналды. Олармен бір апта бойы дайындалып, Хух-Хото қаласында (Ішкі Моңғолия автономды ауданының әкімшілік орталығы) »Ішкі Моңғолия-2019« хор музыкасы фестиваліне қатыстық. Сол жақта жеке концерт беріп, тағы да 4 концертке қатыстық. Дайындық барысында біз ШЫҰ-ның өзге елдерінен келген жастарға қазақ композиялары мен мәтіндерін дұрыс айтуға көмектестік. Бүгін біз Сейдолла Бәйтерековтің »Абай-Елім« хорын орындадық», - деді ҚазАқпараттың Қытайдағы арнаулы тілшісі Садық Әкежановқа сұхбат берген Ержан Сансызбаев.

ШЫҰ хоры екі дирижерінің бірі Мария Гундоринаның айтуынша, әншілер ұжымын құру хор музыкасы тарихындағы бірегей оқиғаға айналып отыр. Себебі осы уақытқа дейін аталған елдердің барлығының өкілдері үлкен хор ретінде бұрын-соңды жиналған емес.

«Біз әртүрлі елдердің білімі бөлек, ілімі бөлек адамдарын жинап, бір хорда ән айтуға, бір-бірінің тілін үйренуге мүмкіндік жасай алдық. Бұл бір-бірін түсінуге, бірігуге мүмкіндік бертін ең қуатты қару деп санаймыз. Демек, біз бен сіздер қазір ғана бірегей оқиғаға, әлемдік тарихтағы алғашқы хор музыкасына куә болдық», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар