ШЫҰ мүше мемлекеттер басшыларының Душанбедегі бейресми кездесуінен фотолар жарияланды

None
None
ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат - Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының Душанбедегі бейресми кездесуінен фотолар жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Суреттерді Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында бөлісті.

Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеде ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының бірлескен отырысына қатысты.

Қазақстан Президентінің пікірінше, ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Ауғанстанның жаңа билігімен бейресми диалог құруға бастама жасағаны жөн.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы биыл ШЫҰ үшін ерекше жыл екенін және осыдан жиырма жыл бұрын тарихи қадам жасалғанын, яғни ШЫҰ-ны құру туралы декларация қабылданғанын атап өтті.

Қазақстан Президенті ХХІ ғасырдың басында негізі қаланған Шанхай ынтымақтастық ұйымының еуразиялық кеңістіктегі халықтардың қауіпсіздігі мен өсіп-өркендеу жолындағы тиімді ынтымақтастыққа деген ұжымдық ерік-жігерін бүкіл әлемге танытқанын айтты.


Соңғы жаңалықтар