ШЫҰ-мен ынтымақтастықты ұлғайту қажет - Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шанхай ынтымақтастық ұйымымен ынтымақтастықты ұлғайты қажет. Бұл туралы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шанхай ынтымақтастық ұйымымен ынтымақтастықты белсенді түрде ұлғайту да маңызды. Бұл бағытта қазірдің өзінде бірінші әрі маңызды қадам жасалды. Осы жылдың қыркүйегінде Еуразиялық экономиалық одақ пен ШЫҰ арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы жаңа сауда бірлестіктерімен, Тегіс қамтитын өңірлік экономикалық серіктестікпен, өзара іс-қимыл әдістерін әзірлеу қызықты болатындығын баса айтты. Тегіс қамтитын өңірлік экономикалық серіктестік құру туралы келісім 2020 жылдың 15 қарашасында Ханойда құрылғанын және ол плюс еркін сауда аймағын құруды көздейтіндігін еске салып өтті.

«Яғни, плюс бұл ұйымның өзге елдермен ынтымақтастыққа ашық екендігін білдіреді. Ол 10 мемлекетті – Бруней, Вьтнам, Индонезия, Камбоджа, Лаос, Малайзия, Мьянма, Сингапур, Тайланд, Филиппин, сонымен қатар АСЕАН-мен еркін сауда келісіміне қол қойған мемлекеттерді қамтиды», - деді ҚР Президенті.


Соңғы жаңалықтар