ШЫҰ марафоншылары ЭКСПО құрметіне 2017 метр қашықтықты жүгіріп өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 тамыз күні Астанада өтетін ШЫҰ мен АӨСШК екінші халықаралық марафонына арнайы EXPO RUN символикалық қашықтығы енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Жеңіл атлетика федерациясының бірінші вице-президенті Эльдар Табановтың айтуынша, толық марафонның қатысушылары 42 шақырым 195 метрді, әуесқойлар - 10 шақырымды және кез келген тілек білдіруші ЭКСПО-2017 құрметіне енгізілген символикалық 2017 метрді жүгіріп өтуі тиіс және олар жарысқа тіркелу үшін белгіленген жарналарды төлеуі қажет.

«Марафонға қатысу туралы өтінімдер өз отандастарымыздан ғана емес, ШЫҰ елдерінен де келіп түсті. Еуропа мен Африка елдерінен де марафонға қатысуға ниет білдіргендер де бар. Жарысқа тіркелу үшін 10 шақырымға жүгіретіндер 3 000 теңге, 42 шақырым 195 метрге жүгіретіндер - 5 000 теңге жарна төлеуі тиіс. Ал 2017 метрге жүгіру тегін. Зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар марафонға тегін қатысады. 25-26 тамыз күндері қатысушыларға старттық пакеттер беріледі. Жүгіруге арналған жейделер мен әрбір қатысушының жеке нөмірі бар бұл пакетті сайтқа тіркелген қатысушылар алады», - деді Эльдар Табанов.

Марафон 27 тамыз күні Астана қаласының сол жағалауында таңғы 7:30-да басталады. Бұл уақытта 42 шақырымды жүгіріп өтетін спортшылар сынға түседі.  Әуесқойлар - 8.00-де және 2017 метрге қатысушылар 8.30-да жүгіруді бастайды.

Соңғы жаңалықтар