+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

ШЫҰ келесі жылы халықаралық бокс турнирін өткізбек

2020 жылғы 18 қазан 21:12
Бөлісіңіз:
ШЫҰ келесі жылы халықаралық бокс турнирін өткізбек

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының құрылуына 20 жыл толуына орай келесі жылы халықаралық бокс турнирін өткізу жоспарланып отыр. Жексенбіде Бейжіңде өткен 2020-2021 жылдар аралығындағы халықаралық ұйымның мәдени-спорт іс-шараларының таныстырылымында ШЫҰ Бас хатшысы Владимир Норов осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Боксшы Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының ширек финалына шықты Токио-2020: Бүгін қазақ боксшыларынан рингке кімдер шығады Головкин — «Канелоның» үшінші айқасы өтуі ықтимал мерзім жарияланды

«Келесі жылы ШЫҰ-ның құрылғанына 20 жыл толады. Мерейтой жылында ресми шаралардан бөлек кинофестиваль, «Йога мен тайцзи күні», студенттер арасында футбол жарысы, бокс турнирі, ұйымға мүше елдердің қалаларында марафон өткізу жоспарланып отыр», - деді В.Норов.

Оның айтуынша, биыл алтыншы желтоқсанға жоспарланған ШЫҰ-ның дәстүрлі Куньмин марафоны онлайн форматта өткізіледі.

«Әлемнің кәсіпқой және әуесқойлар спортшылары марафонымызға арнайы қолданба арқылы қатысуы керек. Қолданба қытай, ағылшын, орыс тілдерінде жұмыс істейді», - деді ұйымның бас хатшысы.

«Назарларыңызға ұсынылған іс-шаралар мемлекеттер арасындағы мәдени, спорт байланысын дамытуға, ұлттар арасындағы диалогке септесуге бағытталған», - деді В.Норов.

Еске сала кетсек, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстанның қатысуымен 2001 жылы құрылған халықаралық ұйым. Оның алдында «Шанхай бестігі» жұмыс істеді.

2017 жылы Үндістан мен Пәкістанға ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесі берілді.


Авторы Руслан Сүлейменов

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жәнібек Амангелді

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT