ШЫҰ: Қазақстандағы тұрақтылық – өңірдегі бейбітшіліктің маңызды факторы

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шанхай ынтымақтастық ұйымы Қазақстанда жағдай тезірек тұрақталып, қоғамдық қауіпсіздік қалпына келетініне сенім білдірді, деп хабарлайды Хабар 24.

Беделді бірлестіктің бас хатшысы осындай мәлімдеме жасады.

Құжатқа сәйкес, ұйымға мүше Қазақстанда ішкі тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтау – өңірде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды факторы саналады.

Сол себепті ұйым өкілдері ел билігінің ахуалды қалыпқа келтіру жөніндегі шараларын қолдайтынын жеткізді.


Соңғы жаңалықтар