ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері 2024 жылы Қазақстанда кездеседі

None
НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат – Үндістан астанасы Нью-Делиде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің кезекті кеңесі өтіп, оған Қазақстанның Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов ШЫҰ кеңесіне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс министрлері қазіргі геосаяси жағдайды ескере отырып, Ұйым форматында қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы пікір алмасты.

Кеңеске қатысушылар әскери саладағы сенім шараларын нығайту мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер өңірлік қауіпсіздіктің жаңа сын-тегеуріндері мен қауіп-қатерлеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі күш-жігерін үйлестіру Ұйымның күн тәртібінде өзектілігін сақтайтынын атап өтті.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволары басшыларының келесі кездесуі 2024 жылы Қазақстанда өтеді.

Еске салайық, отырыс аясында Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы, генерал-полковник Руслан Жақсылықов өзінің әріптестері – Үндістан қорғаныс министрі Раджнатх Сингх және Қытай Халық-азаттық армиясының қорғаныс министрі генерал-полковник Ли Шанфумен кездесті. Тараптар екіжақты әскери ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.


Соңғы жаңалықтар