18:20, 12 Қазан 2020 | GMT +6
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы әскери жаттығулар өткізу туралы келісім ратификацияланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2007 жылғы 27 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.