ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшыларына гала-концерт ұйымдастырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шанхай ынтымақтастық ұйымы ХІХ саммиті аясында Бішкекте гала-концерт те ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салтанатты кеш Сатылғанов атындағы қырғыз ұлттық филармониясында өтті.

Концертті ұйымға мүше елдердің басшылары да тамашалады. Яғни мәртебелі меймандар арасында президент Қасым-Жомарт Тоқаев та болды.

Саммит қонақтарының назарына қырғыз халқының көне және заманауи өнер туындылары ұсынылды. Сондай-ақ өзге елдердің арнайы музыкалық қойылымдары көрсетілді. Мәселен, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы «Гүлдерайым» әнін орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Соңғы жаңалықтар