ШЫҰ елдері Даму банкін құру маңызды - Тәжікстан Премьері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ШЫҰ елдері Даму банкін құру керек. Бұл туралы бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің кеңейтілген отырысында Тәжікстан Премьері Кохир Расулзада мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етудің ажырамас элементі ретінде инфрақұрылымдық мәндегі жобаларды қаржылық қолдаудың тиісті тетігін құру болып табылады.

«Бұл тұрғыда Инфрақұрылымдық инвестициялардың Азия банкін және «Жібек жолы» қоры секілді жаңа қаржылық институттарды құруды маңызды санаймыз. Сонымен бірге ШЫҰ-ның Даму банкі мен Даму қорын құру өзектілігі артуда», - деп тоқталды Тәжікстан Премьері.

Оның айтуынша, инвестициялық қолдау саласында банкаралық бірігудің және ШЫҰ-ның Іскерлік кеңесі рөлінің маңыздылығы артуы мүмкін. Олар өз кезегінде бірлескен ірі экономикалық жобаларды жүзеге асыруда бастамашы болуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар