ШЫҰ Бейжіңде Өзбекстанның Мәдениет күнін өткізді

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайда Өзбекстанның Мәдениет күніне арналған «Ұлы Жібек Жолының ғажайыбына саяхат» атты мерекелік кеш өтті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Қытай Халықтық Республикасындағы меншікті тілшісі.

Шара Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің мәдени-гуманитарлық байланысын нығайту, олардың дәстүрі, салтымен танысу мақсатында «ШЫҰ – Біздің ортақ үйіміз» жобасы аясында өтті.

ШЫҰ Бас хатшысы Владимир Норов жоба мақсаты - көп жылдар бойы халықтар достығына, білім алмасу мен мәдениетімен танысуға қызмет етіп келе жатқан Ұлы Жібек жолының бағытымен ұқсас екенін атап өтті.

«Бұл Қытайдан Еуропаға, Африка мен Үндістан елдеріне дейін созылған, Шанхай ынтымақтастық ұйымының орталығы саналатын Орталық Азия арқылы өтетін ауқымды сауда және мәдениет артериясы», - деді ол.

В.Норов елдер арасындағы өркениетаралық диалогты дамытуға «ШЫҰ-ның сегіз ғажайыбы» жобасы үлкен үлес қосты дейді. Бұл жоба бірыңғай туристік кеңістік орнатуға бағытталған.

«Ұлы Жібек жолы ШЫҰ-на мүше елдерге материалдық құндылықтар сыйлап қана қоймай, адамзат дамуына ықпал ететін түрлі елдер мен халықтардың гуманистік дәстүрін біріктірді. Қазіргі күні ШЫҰ – әртүрлі тарихи мәдениеті бар және ұлттық дәстүрі бөлек елдердің үйлесімді жұмыс істеп жатқанының үлгісі», - деп атап өтті Өзбекстанның мәдениет министрі Бахтиер Сайфуллаев.

Шара барысында Қытай астанасының тұрғындары ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енген ежелгі Бұқара ескерткіштері туралы ақпарат алды.

Руслан Сүлейменов

Бұқара қаласының өнер ұжымдары концерт және дәстүрлі өнер көрмесін ұйымдастырды. Сонымен қатар, келген қонақтар өзбек ұлттық асханасынан дәм татты.

Салтанатты шараға Қазақстан, Өбекстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Пәкістан, Ауғанстан, Түркия және Әзербайжан елдерінің елшілері қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, «ШЫҰ – біздің ортақ үйіміз» жобасы аясында Бейжіңдегі Қазақстанның мәдениет күндері 2016 жылдың желтоқсан айында болған.

Соңғы жаңалықтар