+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

ШЫҰ байқаушылар миссиясы Мәжіліс сайлауын мониторингілеуге кірісті

2021 жылғы 8 қаңтар 17:26
Бөлісіңіз:
ШЫҰ байқаушылар миссиясы Мәжіліс сайлауын мониторингілеуге кірісті

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Шанхай ынтымақтастық ұйымының өкілдері ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары сайлау жұмыстарын байқауға кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ШЫҰ Хатшылығының мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Миссия құрамында заң шығару, сайлау органдарының өкілдері, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің дипломаттары, сондай-ақ Ұйым Хатшылығының лауазымды тұлғаларынан құралған аккредиттелген 15 байқаушы бар. Миссияны ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Чжан Хайчжоу басқарады. Мәлімдемеде айтылғандай, сайлау күні олар ҚХР Бейжің қаласындағы ҚР елшілігіне барып, шетелдегі Қазақстан азаматтарының дауыс беру жұмыстарын ұйымдастырады. ҚР аумағындағы сайлау процесінің барысы туралы неғұрлым толық түсінік алу үшін ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің миссия өкілдері Қазақстанның бірқатар елді мекендеріндегі сайлау процесіне мониторинг жүргізу жұмысына кірісті.

Авторы: Руслан Сүлейменов
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT