ШЫҰ аясында қазірден бастап ұлттық валюталарда өзара есеп айырысу мүмкіндігін енгізуге болады - К. Мәсімов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ШЫҰ аясында қазірден бастап ұлттық валюталарда өзара есеп айрысуларды жүргізу керек. Бұл туралы бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.

«Біз құрылған және құрылып жатқан интеграциялық бірлестіктер мен экономикалық одақтар біріне-бірі қарама-қарсы тұрмауы керектігін алға тартудамыз. Осы орайда жемісті және сындарлы ынтымақтастық болғанын қалаймыз», - деді К. Мәсімов.

ҚР Үкімет басшысы ШЫҰ аясында жобалық қызметте қаржылық сүйемелдеудің тетіктерін тездетіп іске қосу мәселесіне тоқтала келе, «Қазақстан осындай тетіктің оңтайлы форматтарын іздестіру бойынша диалогқа ашық. Сонымен қатар, ұлттық валюталарда өзара есеп айырысуларға кірісу мүмкін деп пайымдаймыз. Бізде екіжақты деңгейде атқарылған жұмыстар бар, енді оларды барша ұйымның кеңістігіне ауыстыруға болар еді», - деп түйді.

Соңғы жаңалықтар