Шыршадан шыққан өрт: Талдықорған тұрғыны көршісінің екі баласын құтқарды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының тұрғыны көршісінің екі баласын өрттен құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сенсек, 26 желтоқсан сағат 10.36-да құтқарушыларға Талдықорған қаласы Болашақ шағынауданындағы көппәтерлі тұрғын үйдің 5-қабатында пәтер өртенді деген хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД-нен 16 қызметкер мен 6 техника, сондай-ақ басқа да шұғыл қызметтер дереу жіберілді.

Пәтерде жасанды шырша мен 0,5 шаршы метр алаңда диван жанғаны анықталды.

Өртке қарсы бөлімше келгенге дейін көрші Әлішер Еріков екі баланы пәтерден шығарып, өртті сөндіріп үлгерген.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығуына ішкі электр желісіне қосылған электр гирляндасының қысқа тұйықталуы себеп болған.

Алматы облысының ТЖД азаматтардан жаңажылдық шыршаны орнату кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

- шыршаны бұтақтар, қабырғалар мен төбеге тиіп кетпеуі үшін тұрақты негізге қойыңыз;
- оны безендіру үшін қағаз, мақта ойыншықтарын, шамдарды пайдаланбаңыз, негізді мақтамен жаппаңыз;
- электр гирляндалары зауытта шығарылған (сертификатталған) болуы және сымдардың қызуы, ұшқындау, шамдардың жыпылықтауы және т. б. сияқты зақымдары болмауы тиіс.;
- шыршаның жанында бенгал оттарын және шартылдақтарды пайдаланбаңыз;
- балалардың өздігінен жарық қосуына жол бермеңіз;
- электр гирляндасын электр желісіне қосып, үйден шықпаңыз.
Соңғы жаңалықтар