+7 (701) 759 90 19
USD 378.36 EUR 411.92
RUB 5.76 CNY 53.92
Jańalyqtar

Шыңжаңның оңтүстігінде бірнеше рет жер сілкінді

2020 жылғы 19 қаңтар 21:28
Бөлісіңіз:
Шыңжаңның оңтүстігінде бірнеше рет жер сілкінді

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында магнитудасы 6,4 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыдан 73 км қашықтықта жер сілкінді Алматыдан 317 км қашықтықта жер сілкінді Алматыдан 242 км қашықтықта жер сілкінді

CENC мәліметінше, жерасты дүмпуі 19 қаңтар күні Бейжің уақытымен сағат 21:27-де болған. Зілзала ошағы - Қашғар округінің Пайзават ауданында. Тереңдігі – 16 шақырым.

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет жоқ.

Аталған жер сілкінісінен кейін сейсмикалық дүмпулер Қашғар округіне көршілес орналасқан ШҰАА Қызылсу-Қырғыз автономиялық облысында да қайталанды. Афтершоктың магнитудасы – 3,2-5,2 аралығында.

Соңғы дүмпу Бейжің уақыты бойынша сағат 22:23-те Қызылсу-Қырғыз автономиялық облысының әкімшілік орталығы – Атуш қаласына жақын маңда болды. Атушта 300 мыңнан астам халық тұрады. Зілзала ошағы 14 шақырым тереңдікте жатыр.

Еске сала кетейік, біз бүгін кешке Алматыда жер сілкінісі сезілгенін жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қытай, Оқиға, Жер сілкінісі,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT