Шыңжаңның «Іле қазақ облыстық филармониясы» Астана сахнасында

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Қытайдың «Іле қазақ облыстық филармониясы» Астанадағы «Жастар театры» сахнасында өнер көрсетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

null

Шараны Астанадағы «Мұрат жолы» мәдени-қоғамдық бірлестігі Қазақстандағы ҚХР Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырды. Әр ұлт өкілдерінен құралған өнерпаздар астаналық көрермендерге әсем әуен, тәтті күй, тартымды билер тарту етті.

null   

«Бүгінгі кештен алған әсерім керемет болды. Ерекше қызықты, халық жақсы қабылдады. Бұл - Шыңжаңда  тұратын әр  ұлт өкілдерінің мәдениетінің, ынтымағының көрінісі. Бұндай мәдени шаралар Қазақстан, мен Қытайдың, сондай-ақ Жібек жолы бойындағы барлық елдердің мәдениет алмасуына, достық қарым-қатынастарының нығаюына оң әсер етеді деп білемін. Бұдан кейін біздің Елшілік осындай шараларды жиі ұйымдастырып тұруға тырысады», - дейді Қазақстандағы ҚХР Елшілігінің саяси кеңесшісі Лю Цзянпин.

null  

«Биыл  - Қазақ елінің Тәуелсіздігіне 25 жыл. Еліміздің түкпір-түкпірінде әр түрлі ауқымды шаралар өтіп жатыр.  Осы мерейлі мерекенің салтанатына сән қосу мақсатында «Іле қазақ облыстық флармониясын» шақырып концерт беруге ұсыныс еттік. Кештің мақсаты - екі елдің мәдени байланысын нығайту,  ел  мен елдің арасын жақындату. Бұл - достықтың, татулықтың концерті. Ғасырға жалғасқан сыйластықтың белгісі деп білемін. Біздің қоғамдық бірлестіктің негізгі ұстанымы - екі елдің мәдени достық байланыстарына мұрындық болу. Екі ел президенттерінің жолға қойған дипломатиялық қарым-қатынастарына өзіндік үлесімізді қосу. Өнерде шекара болмайды, әсем әуенге, төгілген күйге, әдемі биге аудармашының қажеті жоқ. Өзге елдер мен болған достығымыз жалғаса берсін. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын! Мереке құтты болсын!» - дейді «Мұрат жолы» мәдени-қоғамдық бірлестігінің төрағасы Думан Аманұлы.

null  

null null null null null null null null null null  null 

Соңғы жаңалықтар