Шынжаңдағы малшылар жайлауға көшті - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА назарларыңызға әдеттегідей шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

***

  Байырғы қалаға келушілер көбейді - TRT
null

ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұдени мұра тізімінде орын алған «Әлем қаласы», «Өркениеттер бесігі», «Мыңбір шіркеу» және «40 қақпалы қала» деп те аталған Ани байырғы қаласына келушілер саны артып келеді. Бұл туралы Түркия Теле-радио порталы жазады.

Түркия мен Армения шекарасында орналасқан,  Карстың Арпачай ауданы маңындағы Ани байырғы қаласы 961-1045 жылдар аралығында Пакрадуни әулеті кезінде армян билеушілеріне бас қала болды.

Қалада 11 және 12-ғасырлардан қалған Ислам сәулетінің туындылары да назар аударады.  Қала 2016 жылдың 15 шілде күні Әлемдік мәдени мұра тізіміне енгізілді.

«Ани қаласында біздің дәуірімізден бұрынғы үшінші мың жылдықта азаматтар қоныстанған. Өңірде сақ түріктері,  сасанидтер,  Багратлы патшалығы,  византиялықтар,  Шеддат ұлдары мырзалығы,  грузин мырзалары,  Харземшах мемлекеті,  илхандықтар,  селчуктар, Османлы мемлекеті мен орыстар да билік құрған», деп жазады дереккөз.

1001 жылы Ани катедралы салынған. 1064 жылы болса Селчук сұлтаны Алып Арыстан Ебул Менусехр мешітін салғызған. Қала құрылған кезінен бері 23 өркениетке бесік болған екен.  

 

Қытайда «Алтын адам» көрсетілді - «Жэньминь жибао» (People Daily)

Қытайдың Шиян қаласында қазақтың ежелгі дала өркениетінің бірегей мұралары көпшілікке көрсетілді. Бұл туралы «Жэньминь жибао» басылымы хабарлады.

«Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық жобасы аясындағы «Еуразия сахарасындағы алғашқы көшпелі ұлттың мәдениеті» атты көрме Шиян қаласындағы тұрғындарының көзайымына айналды. Көрмені «Таң патшалығы» мемлекеттік мұражайы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі бірлесіп ұйымдастырған.

Оған Қазақстаның нышаны ретінде бүкіл әлемге танымал болған «Алтын адам» экспонаты қойылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі қорларынан ХІХ - ХХ ғасырлардың ортасына дейінгі уақытқа жататын күмістен жасалған әйелдер әшекейлері, біздің заманымызға дейінгі VII-ІІІ ғасырларға тиесілі алтын бұйымдар ұсынылды. Көрмеге қойылған жәдігерлердің жалпы саны 81-ден асады. Шара 15 маусымға дейін жалғаспақ.

«Қазақстанның нышанына айналған асыл мұра - «Алтын адам» дүниеде сирек кездесетін жауһар. Тек қазақстандықтар тамашалап келген ерекше жәдігерді шияндықтар көруге мүмкіндік алды. «Алтын адамды» көргілеріңіз келсе  «Таң патшалығы» мемлекеттік мұражайына келіңіз. Бұнда қойылған жауһарлар сақ, үйсін, қаңлы мәдениеттерінен сыр шертеді», деп жазады дереккөз.

Еске сала кетейік бұған дейін «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» жобасы аясында «Алтын адам» Мәскеу көрмесіне қойылған болатын.

Иран мен Қазақстанның экономикалық айналымын 2 есе арттыратын мүмкіндік бар - «Фарс» ақпарат агенттігі
null

«Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрі Мұхаммад Шариятмадари Иран мен Қазақстанның экономикалық айналымын 2 есе арттыратын мүмкіндік бар екенін айтты», деп жазады «Фарс» ақпарат агенттігі.

Дереккөздің мәліметінше, Астана халықаралық экономикалық форумына қатысу үшін Қазақстанның елордасына барған Мұхаммад Шариятмадари екі ел қарым-қатынасының ежелден келе жатқанына тоқталған.

 «Иран мен Қазақстан арасындағы консулдық және банктік істерге қатысты екі келісім толығымен орындалатын болса, екі елдің банкаралық істері еуромен жүріп, сауда қатынасы екі есе артады»,-дейді ол.

Мұхаммад Шариятмадари осы форум аясында Иранның сыртқы әлеммен экономикалық белсенділіктерінің көлемін шамамен 200 млрд долларды құрайтындығын мәлімдеді. Сонымен бірге, Қазақстанның Иран тауарлары мен техникалық-инженерлік қызметтерін экспорттауға қолайлы нарық екенін айтты.

 «Иран мен Қазақстанның ортақ әріптестігі үшін жақсы сауда-экономикалық әлеуеттер бар. Екі елдің арасында тас, темір және әуе жолдары саласында жақсы транзиттік әлеуеттер бар. Екі елдің өнеркәсіп, кен және сауда салаларында қарым-қатынасты дамытуға талпыныс жасап жатырмыз»,-дейді Мұхаммад Шариятмадари.

ТүркиятүлектеріАстанадаауызашардабасқосты- TRT
null

Қазақстан-Түркия түлектері қауымдастығы Астанада ауызашар ұйымдастырды, деп хабарлайды  Түркия Теле-радио порталы.

Қауымдастық басшысы Қуанышбек Кенжалин бастамашылығында өткізілген ауызашарға Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уянык, Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасының төрағасының орынбасары Саит Юсуф, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сауытбек Әбдірахманов және Түркия университеттерінің түлектері қатысты.

Қауымдастық басшысы Кенжалин жақында құрылған қауымдастықтың Түркияда білім алып келген қазақ жастарының басын қосып,  арасындағы серіктестіктерді дамытуды мақсат еткенін білдірді. 

Ауызашарда сөз сөйлеген Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уянык та Түркияда білім алып келген қазақ жастарының қоғам өмірінің барлық саласында табысты болып,  елдің дамуы мен көркеюіне үлкен үлес қосқандарын атап айтты.

***

Шыңжаңдағы малшылар жайлауға көштіТянь-Шань порталы
null

Шыңжаңның Жеменей ауданындағы малшылар жылқыларын қайырып жайлауға көшті. Қытайдың Тянь-Шань порталында кешкі шапақ астында үйір-үйір жылқыларын үйіріп сахарада айдап бара жатқан малшылардың фоторефортажы жарияланды.

nullnull

 

«Жылқы қайырған малшылар, көк шалғын мен қосылып, қолмен сызған суреттей табиғаттың көркін бейнеледі. Күннің жылынуымен, жергілікті малшылар қанастың ішкі қойнауындағы жайлауға көше бастады. Ол ара шөп пен суы мол, ауа райы жарасымды болып, малдың өсіп-өрбуіне ерекше қолайлы», деп жазады дереккөз.

 

Соңғы жаңалықтар