Шыңжаңда ірі мұнай кен орны табылды
2022 жылғы 11 тамыз 10:36

Шыңжаңда ірі мұнай кен орны табылды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің (ШҰАӨ) Тарим бассейнінде 1,7 млрд тонна мұнай қоры бар ірі мұнай кен орны табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хуанцю Шибао» басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Sinopec group Қытай мұнай-химия корпорациясы Шунбэй мұнай-газ кен орнын (Тарим бассейні, ШҰАӨ) барлау барысында 1,7 млрд тонна мұнай қоры бар мұнай кен орнын тапты.

Жаңа мұнай кен орны – әлемдегі ең терең коммерциялық мұнай және газ кен орындарының бірі, оның орташа тереңдігі 7 шақырымнан асады.

Шыңжаңдағы Тарим бассейнінде жер астында 6 мыңнан 10 мың метрге дейінгі тереңдікте орналасқан мұнай мен газ қорлары Қытайдағы мұнай мен табиғи газдың жалпы қорының тиісінше 80%-дан астамын және 60% ын құрайды.

Басылымның бағалауы бойынша, Тарим бассейніндегі мұнай мен газ қоры келесі 10 жылдағы Қытайдың қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Жаңа мұнай кен орнының барланған қорлары екі жылға мұнайға деген ішкі сұранысты қамтамасыз ете алады. Өйткені елде жылына шамамен 800 миллион тонна мұнай пайдаланылады.

Фото: aa.com.tr



Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT