+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

Шыңжаңда екі адам коронавирус жұқтырды

2020 жылғы 23 қаңтар 20:48
Бөлісіңіз:
Шыңжаңда екі адам коронавирус жұқтырды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – ҚХР-ның Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде (ШҰАӨ) коронавирустың жаңа түрін жұқтырған екі жағдай тіркелді. Олар Ухан қаласына барған, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Тяньшаньнет»-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да Тайландтан келген отбасы мүшелерінен коронавирус табылмады Қазақстанда коронавирустан қорғану туралы арнайы қаулы қабылданды Коронавирус: Даниал Ахметов Қытаймен шекаралас ауыл тұрғындарын сабырға шақырды

Вирус жұқтырғандар — 47 және 52 жастағы екі ер адам. Қазіргі уақытта науқастар ауруханада жатыр.

Олармен үш адам тығыз байланыста болған. Қазір дәрігерлер сол адамдардың денсаулығын бақылап отыр.

23 қаңтар күнгі мәлімет бойынша, Қытайда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 571 жағдайы тіркелген, олардың 444-і — Хубэй провинциясында. Көз жұмған 17 адам осы ауданнан.

Бүгінде коронавирустың жаңа түрін жұқтыру оқиғалары Тибет автономиялық аймағын және көршілес Цинхай провинциясын қоспағанда, ҚХР-дың барлық әкімшілік-аумақтық бірліктерінде тіркелген.

ҚХР СІМ Уханда шетелдік азаматтардың болуына байланысты жағдайға түсініктеме беріп, бейсенбіде тұрғындардың аталған қаладан кетуіне уақытша тыйым салғаны туралы хабарлап, бұл мәселе жергілікті биліктің құзыретінде екенін айтты.

Сонымен қатар, СІМ-нің ресми өкілі Гэн Шуанг «Қытай тарабы елдегі шетелдіктердің заңды құқықтарын қамтамасыз ететінін» хабарлады.

Автор:

Руслан Сулейменов


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT