Шыңғысхан Тәжібай кәсіби рингтегі жетінші айқасында да жеңіске жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Шыңғысхан Тәжібай кәсіби рингтегі кезекті жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Айқас Филадельфиядағы (Пенсильвания штаты, АҚШ) бокс кеші аясында өтті. Отандасымыз америкалық Джастин Джонсонмен айқасты.

Төрт раундтық жекпе-жек төрешілердің бірауыздан қабалдаған шешімімен Тәжібайдың басымдығымен аяқталды. Бұл Шыңғысханның кәсіби рингтегі жетінші жеңісі (оның екеуі - мезігілінен бұрын). Джонсон 18-ші айқасында алтыншы рет жеңілді.

Соңғы жаңалықтар