+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Шыңғыс Мұқан Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

2020 жылғы 29 шілде 20:05
Бөлісіңіз:
Шыңғыс Мұқан Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды. Шаһар басшысының өкімімен бұл қызметті Шыңғыс Жұмабекұлы Мұқан атқаратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Әкімі сынға ұшырап, қызметтен алынған Айыртау ауданына жаңа әкім келді СҚО-ның Есіл ауданына жаңа әкім тағайындалды Ақан Абдуалиев Мəдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды

Шыңғыс Мұқан 1984 жылы туған, білімі жоғары. Мамандығы бойынша экономист, аудармашы, мемлекеттік басқару магистрі. Ол Алматыдағы «Қайнар» университетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін және «Болашақ» бағдарламасы бойынша Гарвард университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын «Жас Алаш» газетінде тілші болып бастаған. Әр жылдары ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы, «Жайық-пресс» ЖШС-інің бас директоры, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, Атырау облысы әкімінің орынбасары, KazPetroDrilling АҚ-ның корпоративтік даму бойынша вице-президенті қызметтерін атқарған.

Айта кетейік, бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өзінің бірінші орынбасары мен тағы бір орынбасары Алмасбек Мамытбековты қызметтерінен босатқан болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT