Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Шымкенттің жиі қылмыс болатын ауданынан үш жасар қыздың денесі табылды

2019 жылғы 22 шілде 08:55 385
Бөлісіңіз:
Шымкенттің жиі қылмыс болатын ауданынан үш жасар қыздың денесі табылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттегі Май комбинатының айналасы қоршалды. Куәгерлердің айтуынша, осы жерде әлдекімдер үш жасар қызды өлтіріп кеткен. Оқиға орнында полицейлер мен криминалистер жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада перзентханада күзетшіге қол көтерген 2 жігіт ұсталды Солтүстік Қазақстанда интернет арқылы жасалатын алаяқтық өршіп тұр Оралда әйел жұмысқа орналастырамын деп, 1 млн теңгені иемденіп кеткен

Көршілерінің айтуынша, кішкентай қыз шешесімен бірге жатақханада тұрған. Жан түршігерлік оқиға жатақханадан шамамен 500 метр арыда болған деген болжам бар.

Тамыз айында қыз төрт жасқа толар еді. Қазір оның денесін сот медициналық сараптамасынан өткізу үшін алып кетті.

Жергілікті тұрғын Халипа Қадырованың айтуынша, әйел қыздың шешесінен үнемі бәйек болып жүретін қызыңыз қалай ғана көшеде жалғыз қалды деп сұраған. Қыздың шешесі оған қайғылы оқиға болған кезде жұмыста едім деп жауап берген. Халипа Қадырова енді өзінің немерелерін уайымдап жатқанын айтады.

Сол аудан Шымкенттегі жиі қылмыс болатын аудандардың бірі саналады, тастанды гараждарға үнемі үй-күйсіз жүргендер, нашақорлар, ішімдікке салынғандар ағылады.

Криминалистер сыра бөтелкелерінен, сол төңіректегі заттардан саусақ іздерін алған.

Қазір арықтау келген, 1980 жылы туған, бойы 180 см ер адамға іздеу салынған.

Әзірше полиция ресми мәлімдеме жасаған жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Шымкент, Қылмыспен күрес,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT