Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 14 °С
Алматы: 19 °С
USD 346.68 EUR 404.02
RUB 5.47 CNY 51.15
Жаңалықтар

Шымкенттің тергеу абақтысында күдікті өз денесін тілімдеп тастады

2018 жылғы 17 сәуір 16:54 1317
Бөлісіңіз:
Шымкенттің тергеу абақтысында күдікті өз денесін тілімдеп тастады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің уақытша тергеу абақтысында күдікті ретінде жеткізілген азамат өз-өзін жарақаттады. Бұл туралы қалалық жедел-жәрдем ауруханасының дәрігерлері мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавлдың базарындағы алапат өрт сөндірілді Денис Тенге қастандық жасалған маңда ұрылар тағы бір автокөліктің айнасын сындырған

Дәрігерлердің айтуынша, емдеу мекемесіне жеткізілген ер адам өз-өзіне қол жұмсамақ болғанға ұқсайды. Оның денесін қарау барысында әр жерін өткір затпен тіліп, тамырларын кеспек болғаны анықталған. Алайда алған жарақаты терең болмағандықтан, өміріне қауіп төнбеген. Тиісті медициналық жәрдем көрсетілгеннен кейін оны құқық қорғау органы өкілдері тергеу абақтысына қайта алып кеткен.

Бұл оқиғаға қатысты облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаменті әзірге ешбір мәлімет таратқан жоқ.

 

 


Басты сөздер: Түркістан облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
Мұрағат