Шымкенттің театрында өткен жаттығуда ұйықтап қалған полицейлер жұмыстан шығарылған жоқ

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің театрында өткен  кезекті жаттығуда ұйықтап қалған полицейлер жұмыстан шығарылған жоқ. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, Ербол Жұмағұл деген азамат Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында үш бірдей тәртіп сақшысының театрда ұйықтап жатқан суретін салған болатын.

«Театрға кірсем, тәртіп сақшылары демалып жатыр екен. Дәл фойеде. Полицейлердің бірінің қорылы құқыққорғаушының нақ өзін көрсеткендей. Ал, негізінде террористерге қарсы жаттығулар болып жатқан. Мен террористерге қызығып қалдым» делінген парақшада.

Қалалық ІІД қазір бұл жағдайға байланысты тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

«Қазір бұл фактіге байланысты қызметтік тексеру жүріп жатыр.  Ол қызметкерлердің  аты-жөндері анықталды. Әзірге қызметтерінен босатылған жоқ. Тәртіптік комиссия тексеру жүргізеді. Сол комиссияның тексеру қортындысымен ІІД бастығы жұмыстан босату немесе қатаң сөгіс беру туралы шешім қабылдайды», - дейді баспасөз қызметінің өкілі. 

Соңғы жаңалықтар