Шымкенттің сот қызметкерлері қылмыстық іс жүргізу тәртібін талқылады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласының әл-Фараби аудандық сотында сот қызметкерлері мамандарының біліктілігін жоғарылату мақсатында «Қылмыстық іс жүргізу туралы түсінік және оның қағидалары» бойынша семинар-кеңес ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқосу барысында судья С.Тулешов «Қылмыстық іс жүргізу туралы түсінік және оның қағидалары» атты баяндама жасады. Оның сөзінше қылмыстық іс жүргізу құқығы қылмыстық құқықпен тығыз байланысты.

«Қылмыстық іс жүргізу құқығы – бұл қылмыстық істер бойынша іс жүргізу тәртібін бекітетін және қылмыстық істерді қозғау, тергеу, сотта қарау бойынша анықтау, алдын-ала тергеу, прокуратура мен іс жүргізу мәселелерін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі. Сонымен бірге қылмыстық процесс бұл алдын ала тергеу, прокурор, судья және сот органдарының заңмен реттелген қызметі»,- деді судья.

Семинар барысында сондай-ақ, ҚР Президентінің Жолдауында белгілеген заман талабына сай тиімді мемлекет құрудағы мемлекеттік органдардың рөлі және азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру міндеті тұрғаны айтылды. Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары болып саналатыны қамтылды. Іс-шара соңында қатысушылар қамтылған тақырып бойынша өзара пікір алмасты.

Соңғы жаңалықтар