Шымкенттің полицейлері қоғамдық тәртіпті велосипедпен бақылауға көшті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Күн жылыған соң Шымкенттің полицейлері қоғамдық тәртіпті велосипедпен бақылауға көшті. Көктем келісімен, қаладағы тәртіп сақшылары ыңғайлы «көлікке» отыруды жөн деп тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Айта кетейік, өткен жылы тәжірибе ретінде қолға алынған жоба қыс мезгілінде тоқтап қалған болатын. Енді велополиция жұмысын қайта жандандырған тәртіп сақшылары қаланың саябақтарында қоғамдық ортаның тыныштығын сақтауға жұмылдырылды. Бұл әрі денсаулыққа пайдалы және қоршаған ортаға еш зияны жоқ. Ең бастысы, жедел әрекет етуге таптырмас құрал. Қазір, велосипед мінген полицейді қаладағы саябақтар мен демалыс орындарынан көруге болады.

«Олардың жақсы тұсы жерлері авто көлік жүре алмайтын және көлікке тыйым салынған жерлерде біздің қызметкерлер велосипед арқылы бақылау жүргізіп, профилактикалық іс шараларды атқарады»,- дейді Шымкент қалалық жергілікті полициясының штаб бастығы Шерзод Жұматов. 

Әзірге, полицейлер 10 велосипедпен қала көшелерін аралап жүр. Алдағы уақытта оның санын ұлғайту көзделіп отыр. Тәртіп сақшылары осы арқылы қоғамдық тәртіпті бақылауда.

2 3 4 

Соңғы жаңалықтар