Шымкенттің полицейлері халықпен тікелей байланысқа шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Енді полицейлерге қатысты арыз-шағымдарды үйде отырып-ақ бере аласыз. Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметі Skype-конференцияны іске қосты. Іске қосылған тың жүйе алғаш рет облыс орталығында қолға алынып отыр, деп хабарлайды otyrar.kz.
Конференция кезінде тұрғындар ә дегеннен тәртіп сақшыларының іс-әрекетін сынға алды. Қарапайым ғана жол ережелерін сақтамайтын полицейлерді енді басқарма басшысы қадағалайтын болады. Заманауи технологияны ұтымды пайдаланған орған өкілдері енді қала тұрғындарымен қонақтарының мұң-мұқтажын ғаламтор арқылы тыңдайтын болды. Осылайша олар өз жұмыстарының сапасын жетілдіріп, халыққа жақындай түсеміз деген уәждерін жеткізді.
Шағымданушылардың дені жол сақшыларының жұмысына наразы екендіктерін білдірді. Тіпті рейдтік шаралардың шарапаты аз деп хабарласқандар да болды. Сондай-ақ арнайы белгілердің орнатылмауын сынға алып, басқарма басшысының назарын аударды. Скайп конференцияға жұмысына салғырт қарайтын учаскелік полицейлердің әрекетіне қатысты біршама арыз-шағымдар да түсті.
Айта кетейік бұл жобаны елімізде алғаш рет жергілікті полицейлер қолға алып отыр. Скайп конференцияға тұрғындар Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметінің сайты арқылы қосыла алады.
- Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус 2087 адамнан анықталды
- Атырау облысының әкімі жарақат алған полицейлердің халін біліп қайтты
- Алматыда жалдамалы пәтерден цифрлық техника мен әскери амуниция табылды
- Павлодар облысында ұстаздар қашықтан жұмыс форматына көшірілді
-
Алматыда балабақшалар жұмыс істей ма
-
БҚО-да 10 адам әкімшілік қамауға алынды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам




