Шымкенттің орталық алаңында бас шырша шамы жағылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің орталық алаңында  бас шырша шамы салтанатты түрде жағылды. Қала тұрғындары жиналған шара барысында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев көпшілікті келе жатқан жаңа жылдық мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әл-Фараби алаңында бой көтерген  бас шыршаның биіктігі 17 метрді құрайды. Жыл сайынғы дәстүрге сай жаңа жылдық шырша шамы бұл жолы да Тәуелсіздік мерекесінен кейін жағылды. Салтанатты шара барысында мерекелік театрландырылған қойылым қойылып, оған жаңа жылдың сүйікті кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақар және ертегі кейіпкерлері қатысты. Концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Айта кетейік, жаңа жылдық шыршалар қаланың үш жерінде - Әл-Фараби алаңында, Шәмші Қалдаяқов аллеясында және «Нұрсат» мөлтек ауданындағы әкімшілік-іскерлік орталықта орнатылған. 

Соңғы жаңалықтар