Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы екі жаңа ойыншымен толықты

None
None
ШЫМКЕНТ.ҚазАқпарат - Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы екі жаңа ойыншымен толықты. Олар - бразилиялық жартылай қорғаушы Жоао Пауло мен оңтүстікафрикалық жартылай қорғаушы Мая Махлангу, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, 31 жастағы Жоао Пауло Бразилия футбол мектебінің тəрбиеленушісі. Жартылай қорғаушының кəсіби мансабы 2007 жылы туған клубы «АБС» сапындағы алғашқы ойынын өткізген кезден басталды. Одан кейін ойыншы мансабында бірнеше бразилиялық жəне оңтүстіккореялық клубтарда ойнаған. Болгариялық Пловдив қаласының «Ботев» клубына ауысқан. Ол команда сапында 19 ойын өткізіп, 12 гол соққан. Осындай жарқын ойынынан кейін ол мансабын Болгарияның атақты чемпионы - «Лудогорец» футбол клубында жалғастырған. Бұл ұжымның құрамында Болгарияның екі дүркін чемпионы атанып, бір рет Суперкубокқа қол жеткізген. Ойыншымен еңбек келісімі 2019 жылдың қараша айына дейін жасалған.

Ал, Май Махлангу Оңтүстік Африка Республикасы ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы. Құрамадағы дебюты 2012 жылдың қаңтарындағы Экваторлық Гвинея құрамасына қарсы кездесуде орын алған. 2013 жылы Африка Кубогына қатысқан оның мансабы өз еліндегі африкалық «Старс оф Африка» клубында басталған. 2008 жылдан бастап, мансабының жаңа кезеңі басталған. Жартылай қорғаушы швециялық «Хельсинбург», «Хассельхолм» жəне «Гётеборг», одан бөлек, түркиялық «Коньяспор», бельгиялық «Сент-Трейден» мен бухаресттік «Динамо» командаларында өнер көрсеткен. Соңғы ойнаған клубы 2018 жылы ауысқан болгариялық «Лудогорец». Жеткен жетістіктеріне тоқталатын болсақ, екі рет Швеция чемпионатының үздік ойыншысы, Швеция чемпионатының жеңімпазы, Швеция кубогы мен Суперкубогында екі реттен жеңімпаз атанған. 30 жастағы аяқдопшы ОАР елінің азаматы. «Ордабасы» мен «Лудогорец» клубтары арасындағы Мая Махлангуды жалға алу келісімі 2019 жылдың қараша айына дейін қарастырылған.

null

Соңғы жаңалықтар