Шымкенттің ондаған көшеcінде бірнеше күн газ болмайды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің ондаған көшелерінде газ беру уақытша тоқтатылатын болды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Әкімдіктің хабарлауынша, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ОҚОФ бұл шараларды   газ құбырларын жылыту маусымына дайындау мақсатында жасауда.

«16-18 шілде күндері  Шымкент қ. Коммунизм бөлімшесі, Ермат ата көшесіндегі  ГТП-117 жүйесіне қосылған абоненттерге, яғни, Гүлденген, Ақниет, Ермат ата, Ақсамал, Жусанды, Қосдиірмен, Махмудов, Тоқбәйге, Рамазан ата, Ахунбабаев, Достасқан, Қаратал, Теректі, Жастар, Набиев, Пайзахметов, Ходжимат ата, Гагарин, Боққараев, Ақсуат, Әлмахан қажы, Қосдиірмен - 1,2, Жандосов көшесіндегі  ГТП-119 жүйесіне қосылған абоненттерде, яғни, Қазыбек би, Дулати, Шаймерденов, Құрманғазы, Орманов, Лихачев, Химиков, Федченко, Атамекен, Жандосов, Меркурий, Верещагина, Макаров, Саратов, Ватутина, Шолохов-1,2, Уалиханов, Перов, М.Мәметова, Өтеген батыр, Вохрушев, Өтегенов, Бекбосынов, Рысқұлбеков, Рысқұлов, Байтұрсынов, Гаршина, Тоғызбаев, Қаныбеков көшелері және  Дулати, Уалиханов өткелдері, Қонаев даңғылында газ беру уақытша тоқтатылады.

«18-20 шілде күндері К.Маркс бөлімшесі, Құрылыс  көшесіндегі ГТП-22 жүйесіне қосылған абоненттерде, яғни, Гулисман, Мерке, Топырақты, Аққу, Үлгілі, 3-Бадам, 1-Бадам, Құрылыс, К.Маркс, А.Молдағұлова, Речная, Теспе және Кірпіш қуысы,  Диваев көшесі мен Ватутина қиылысындағы ГТП-120 жүйесіне қосылған абоненттерде, Төреқұлов, Әлімбетов, Сапарбаев, Мәделі қожа, Жас Гвардия, М.Мәметова, Перов, Уалиханов, Шолохов, Ватутина, Саратов, Үркер, Макаров, Известия, Верещагина, Халықтар Достығы, Жандосов, Аманжолов, Адырбеков, Метрологическая, Орынбаев, Тәшенов, Диваев, Майдантал, Қазыбек би, Лоза, Треков, Толстой көшелері және Соңғы, Шевченко, Әлімбетов, Сапарбаев, Саратов өткелдерінде газ беру уақытша тоқтатылады» делінген хабарламада.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ОҚОФ келтірілген қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрайды.

Соңғы жаңалықтар