Шымкенттің мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенте Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа  басшы тағайындалды. Бұған дейін қала әкімінің орынбасары қызметін атқарған Нұралхан Көшеров аталған департаментті басқаратын болды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұралхан Оралбайұлы 1984 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2005 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін экономика мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2008 жылы Қазақстан Республикасы парламент мәжілісі депутатының көмекшісі болып бастаған.

2009-2011 жылдар аралығында Қаржы министрлігінің салық комитеті салықтық заңнамаларды түсіндіру және жетілдіру басқармасының сарапшысы, Астана қаласы бойынша Салық департаментінің Алматы ауданы бойынша Салық басқармасының заңды тұлғалардың салық аудиті бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.

2011 жылдан 2014 жылға дейін Астана қаласы бойынша Салық департаменті Есіл ауданы бойынша Салық басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеген. Ал 2014 жылдан бүгінгі күнге дейін Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы қызметін атқарған. 2015 жылдың қазан айынан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар