+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Шымкенттің медицина мекемелеріне жаңа көліктер берілді

2020 жылғы 16 қыркүйек 12:50
Бөлісіңіз:
Шымкенттің медицина мекемелеріне жаңа көліктер берілді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласындағы медицина мекемелеріне гуманитарлық көмек ретінде жаңа жедел жәрдем көліктері пайдалануға берілді.

Ұқсас жаңалықтар
Семейде қоғамдық көліктерге тексеру жүргізіледі Қызылордада жанашыр жандар жалғызбасты анаға баспана алып берді СҚО-да бір тәулікте 14 мас жүргізуші ұсталды

Бұған дейін қалаға жасанды тыныс алу аппараттары мен пульсоксиметрлер және оттегі концентраторлары бар гуманитарлық жүк келген болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, қалаға 10 оттегі концентраторы мен 50 пульсоксиметр және бір өкпені жасанды желдету аппараты (ӨЖЖ) жеткізілген. Сондай-ақ, «Shevrolet Damas» маркалы 3 жедел жәрдем көлігі тапсырылды. Бұл көмек «Самұрық-Қазына» АҚ мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум аясында көрсетіліп отыр. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қайырымдылығының бірыңғай операторы – «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қажетті жабдықтарды сатып алып, оларды өңірлерге жіберді.


«Пандемияға байланысты дәрігерлер халыққа медициналық көмек көрсету үшін күндіз-түні жұмыс істеуде. Кез келген көмек науқасты дер кезінде емдеуге үлкен әсерін тигізіп отыр. Осындай қиын-қыстау уақытта қол ұшын созып жатқан жандарға алғысымыз шексіз», - дейді Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Ережепов Бақтығали.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT