Шымкенттің мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы студенттермен кездесті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы А.Бекназаров заң факультетінің студенттерімен кездесті. Мардан Сапарбаев атындағы Түркістан облысының Шымкент филиалы гуманитарлық институтында өткен кездесуде елімізде жаңадан еңгізіліп жатқан жаңа технологиялардың сот жүйесін жеңілдетуге, қол жетімділігіне ықпал етіп отырғаны және сот төрелігінің ашықтығын арттыратыны сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында судья А.Бекназаров бүгінгі таңда Сот жүйесінде инновациялық технологияларды қолдану аясында бірқатар іс-шаралар енгізіліп, сот залдары қазіргі заманға сай сапалы аудио-бейне жазба жүргізілуге арналған техникалармен жабдықталғанын атап өтті. Осындай жүйелі жұмыстардың арқасында барлық іс-қағаздар мен құжат айналымдары электрондық онлайн форматқа ауысқанына тоқталды. Сонымен қатар, судья студенттерге қазіргі таңда жол патрульдік полиция қызметкерлері жол жүрісі қағидаларын бұзу фактілері бойынша әкімшілік хаттамаларды электрондық форматта планшетпен толтырып, істі сотқа «Сот кабинеті» сервисі арқылы жолдайтынын жеткізді. Бұл іс «True Conf» бейне байланысы арқылы қаралып, сот шешімін судьяның электронды қол таңбасымен алу тәртібі бойынша берілетінін түсіндіріп өтті. Кездесу соңында студенттер соттың күнделікті тыныс-тіршілігімен танысып, өздерін қызықтыратын сұрақтарына тұшымды жауаптар алды.

Соңғы жаңалықтар