Шымкенттің көшелерін 123 арнайы техника қардан тазартуда

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте жауған қарды 4 коммуналдық компанияның техникалары тазартуда. 123 арнайы көлік 25 бағыт бойынша тоқтаусыз қар күреп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коммуналды мекемелердің 500-ден астам қызметкері қаланың әр бұрышында жұмыс істеп жатыр. Осылайша қаладағы 225 көшенің қары тазаланып, 204 текше метр қар шығарылды.

Бұдан бөлек, көктайғаққа қарсы 1118 текше метр инертті материал себілді. Коммуналды кәсіпорын жұмысшыларында қажет құрал-жабдықтар бар, көлік жылытқыштар мүлтіксіз жұмыс істеп тұр. Мәселен, әл-Фараби ауданы аумағында тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында ішкі орам көшелерінің және көпқабатты тұрғын үй аулаларын қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, қардан сынған ағаштарды кесіп, ретке келтіру шаралары қолға алынған. Санитарлық тазалық жұмыстары, жаяу жүргінші жолдары мен баспалдақтарды және кіреберіс алаңдарының алды тазартылып жатыр.

Айта кетейік, үшінші мегаполисте коммуналдық кәсіпорын жұмысшыларына барлық жағдай жасалған. Қажетті құрал-жабдықтармен қамтылып, қар тазалағыш көліктер қысқа дайын.

Соңғы жаңалықтар