Шымкенттің көмек орталығы тоналуда, жер сілкінді - әкім фейк ақпараттарға сенбеуге шақырды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жұртты арандатушылық ақпараттарға сенбеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ғабидолла Әбдірахымовтың айтуынша, қазір әлеуметтік желілерде «Арыста үлкен жарылыс болады, ол Шымкентке де жетеді» деген ақпараттар көптеп таралуда. Әкім бұл хабарламалардың шындыққа жанаспайтындығын атап өтті.

«Жағдай оңай емес. Мамандар күндіз түні жұмыс істеп жатыр. Осындай кезде әлеуметтік желілерге провакациялық хабарламалар тарату ол адамдарға да, Арыстан келген зардап шегушілерге де жасаған қиянат деп айтар едім. Әркім өзінің жұмысымен айналыссын. Ал, бүгін Шымкенттегі гуманитарлық көмек орталығын тонап жатыр деген видео салынды. Кеше «Шымкентте 10 балдық жер сілкінісі болады» деп хабар тарады. Оның бәрі шындыққа жанаспайды. Сондықтан халықты тек ресми ақпаратқа сенуді шақырған болар едім»,-деді қала әкімі бүгін өткен брифингте.

Соңғы жаңалықтар