Шымкенттің білім жүйесіне Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық тәжірибесі енгізіледі

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының  басқарма төрайымы Күләш Шәмшидиновамен кездесіп, өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. ОСының нәтижесінде Шымкенттің білім жүйесіне Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық тәжірибесі енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқосу барысында тараптар  Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық педагогикалық тәжірибелерін қаладағы басқа мектептерге ендіру және қаладағы инновациялық білім беру сапасын арттыру жайын сөз етті. Меморандум аясында қалалық білім басқармасына қарасты мектептердегі мұғалімдердің кәсіби дамуы мен білім беру мазмұнын жаңарту үшін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін негізге алу жайы талқыланды. Осы арқылы оқушылардың  бәсекеге қабілетті білім алып, жаңа технологияны меңгеруіне жағдай жасалатын болды.null 

Айта кетейік, бұған дейін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық тәжірибесі қаладағы бірқатар мектептерде егізілген болатын. 

Соңғы жаңалықтар