Шымкенттің білім саласында цифрландыру жұмыстары жүйелі түрде енгізілуде

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттің білім саласында цифрландыру жұмыстары жүйелі түрде енгізіліп, сыбайлас жемқорылықтың алдын алуға бағытталған бірқатар жұмыстар атқарылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Саладағы түрлі комиссиялар мен қағазбастылықтың алдын алу және адами факторларды мүмкіндігінше азайту мақсатында автоматтандырылған жүйе енгізілді.

Басқарма мамандарының мәліметінше, балаларды балабақшаға орналастыру үшін garden.shymkent.edu.kz ақпараттық жүйесі енгізілген. Балабақшаға орналастыру жұмыстарын оңтайландыру мен ашықтық, айқындықты қамтамасыз ететін жүйе арқылы 100 мыңға тарта бала электронды жолдама арқылы балабақшаға барған.

Ал, балаларды 1-сыныпқа қабылдауға арналған school.shymkent.edu.kz жүйесі ата-ананың жұмысын оңтайландырады. 2019-2020 оқу жылында 24 375 оқушы 1-сыныпқа электронды түрде қабылданып, ата-аналарға білім мекемелерін ашық портал арқылы таңдау мүмкіндік туып отыр.

Бұдан өзге техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге college.snation.kz, мектепішілік бақылауға I-mektep.kz, педагогтарды іріктеуге Thunter.kz қолданылып келеді. Бүгінгі күнге дейін педагогтерді іріктеуге арналған конкурстық жүйе бойынша 2 мыңнан аса конкурстық комиссия өткізіліп, білікті мамандар жұмысқа қабылданған.

Соңғы жаңалықтар