Шымкенттің бас жоспарының бекітілуіне байланысты жер мәселесі шешімін табады - ОҚО әкімі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкенттің бас жоспарының бекітілуіне байланысты жер мәселесі кешенді түрде шешімін табады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов айтты.

«Облыста тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың саны көп. Атап айтқанда, оның бірден көп болатын себебі, кезінде Шымкенттің бас жоспарын жасауға байланысты мораторий жарияланған болатын. Өйткені, бас жоспарсыз бұл жерді оңды-солды таратуға болмайды. Сондықтан да бас жоспар бекітілгеннен кейін бұл мәселе кешенді түрде шешілетіндігін тұрғындарға хабарлағанбыз»,-деді әкім.

Бүгінде Шымкенттің бас жоспары бекітілгендігіне тоқталған А. Мырзахметов, «аумағы 40 мың гектардан 117 мың гектарға ұлғайтылды. Жер мәселесіне, яғни жалпы тұрғын үйге байланысты қосымша мүмкіндіктер туындап отыр. Енді аталған жоспарға сәйкес бұл мәселе шешімін табатын болады»,-деп түйді әкім.

Соңғы жаңалықтар