08:21, 27 Қараша 2020 | GMT +6
Шымкенттің бас полицейі азаматтарды жеке қабылдап, арыз-шағымын тыңдады
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттің бас полицейі Ералы Жұмаханбетов онлайн-форматта азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бірыңғай қабылдау күні барысында полиция генерал-майоры 100-ден астам тұрғынмен тілдесті.
Азаматтардың басым бөлігінің сұрақтары алаяқтық фактілеріне қатысты болды.
Ералы Мұсаәліұлы қабылдауға келгендердің мәселелерін мұқият тыңдап, сұрақтарына толыққанды жауап берді.
Сондай-ақ, аудандық полиция басқармаларының орынбасарлары мен басшылары барлық сұрақтар бойынша нақты тапсырмалар алды.
Бірыңғай қабылдауға келген азаматтардың мәселелері бақылауға алынып, оларды түпкілікті нәтижеге дейін жеткізу жауапты қызметкерлерге жүктелді.