Шымкенттің автобус жүргізушілерін мәдениетті болуға шақырды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  - Бүгін Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшылары қалалық автопарк жұмысшыларымен кездесті. 

Жиында  жауапты автобус жүргізушілерін мәдениетті болуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат  ХАА тілшісі.

 Соңғы кезде шым шаһардың автобус жүргізушілері мен кондукторларына  қатысты сын пікірлер көптеп айтылуда. Әсіресе, қоғамдық көліктегілердің  жол ережесін сақтамайтыны, салдарынан жол апаттары орын алғаны белгілі. Бұдан бөлек кондукторларға аялдамаларда дауыс көтермеу керектігі ескертілгенімен, тәртіп оңалмай келеді.
null 

Осыны ескерген сала басшылары мен жергілікті полция қызметі  жолаушылар тасымалымен айналысатын компания басшыларымен және жүргізушілермен кездесті. Жиында қоғамдық көлік қызметінде мінез-құлық нормаларын сақтау жайы сөз болды.

Бұл бағытта жүргізушілер мен кондукторларға өткен аптада арнайы семинар-тренингтер өткізілген-ді. Мақсат - қоғамдық көлік қызметкерлерінің біліктілік деңгейін арттырып, этикалық-эстетикалық қасиеттерін шыңдау. Бұл қадамның азаматтарды қоғамдық көлікте орын алатын түрлі жайсыздықтар мен құқық бұзушылықтардан сақтауға тигізетін әсері мол екені белгілі.
null 

Өз кезегінде Шымкент әкімі Ғ.Әбдірахымов та қалалық автопарк басшыларымен кезекті кездесуінде  маршруттардың тиімділігін арттыру, кестеге сай жүріп отыру мәселесін көтерген болатын. Сондай-ақ электронды билет беру жүйесіне көшу, автотұрақтарды жаңалау, экологиялық таза отын түрлерін пайдалану және қоғамдық көліктердің бірегей ақ және жасыл түсті үлгісін сақтау туралы нақты тапсырмалар берген еді. 

null 

Соңғы жаңалықтар