Шымкенттің әскери мектебінде болған төбелеске қатысты қылмыстық іс қозғалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының әскери мектебінде болған жаппай төбелес фактісімен ҚР ҚК-нің 107-бабы бойынша сот алдындағы тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Полицияның ақпаратынша, тергеу аясында Сабыр Рахымов атындағы әскери мектепте орын алған жаппай төбелестің себептері анықталып жатыр. Жанжалға мектепте тәрбиеленіп жүрген 1999, 2000 және 2001 жылғы оқушылар қатысты. Кәмелеттік жасқа жетпегендерді тыныштандыру үшін, полицейлерді шақыртуға тура келді.

«Жаппай төбелес салдарынан бізге 6 адам жеткізілді. Барлығы жеңіл дене жарақаттарын алған. Балаларды тексерген соң, мектеп-интернатқа жіберілді», - деп баяндады ЖМЖА-да қабылдау бөлімінің меңгерушісі Сәбит Байбосынов.

15 жасқа толмаған тағы төрт адам жедел жәрдем көлігімен облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Жас азаматтар да жеңіл дене жарақаттарын алған, олар дәрігердің тексеруінен кейін жіберілді, деп айтып берді ауруханада.

Оқу мекемесінің өзінде оқушылардың арасындағы жанжалды түсіндірмеуде, бірақ, прокурорлардың мәліметтерінше, алдын ала себеп - әлімжеттік. Кәмелеттік жасқа жетпегендер кешкі ас үстінде жанжалдасқан, оған кім себепші болғаны тергеу барысында анықталады.

Соңғы жаңалықтар