Шымкенттің Әл-Фараби ауданында атаулы әлеуметтік көмекке 8762 отбасы өтініш тапсырған

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттің Әл-Фараби ауданында атаулы әлеуметтік көмекке 8762 отбасы өтініш тапсырып, оның 7782-сі «мұқтаж» және 980 отбасы «мұқтаж емес» деп танылған.

Бұл туралы аудан әкімі Ғабит Мәуленқұлов БАҚ өкілдерімен кездесуі барысында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімінің сөзінше, бүгінде АӘК атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алған отбасыларды анықтау бойынша 5073 отбасыға қайта тексеру жүргізілген. Ауданда сондай-ақ, ҚР «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасына сәйкес тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

«Аудан аумағындағы 672 көпқабатты тұрғын үйлердің 40%-ы (269) ескірген үйлер. Атап айтқанда, 1935-1940 ж.ж аралығында-11 үй, 1941-1960 ж.ж-128 үй, 1961-1980 ж.ж-282 үй, 1981-2000ж.ж-251 тұрғын үйдің құрылыстары жүргізілген. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың 2011-2020 жылға дейінгі» бағдарламасына сәйкес 2011 жылдан бастап жалпы 56 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2019 жылдың басынан 5 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді»,- деді Ғабит Мәуленқұлов.

Аудан әкімінің айтуынша, алдағы уақытта қаржы қаралған жағдайда ұсыныс білдірген 44 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге тиісті басқармаға ұсыныс жолданды. Жоғарыда көрсетілген ескі үйлер бойынша, 2015-2017 жылдарға арналған «Шымкент қаласы бойынша сейсмонығайту жұмыстарын жүргізуді қажет ететін көпқабатты тұрғын үйлердің бағдарламасына» сәйкес 10 үйге сейсмонығайту жұмыстары жүргізіліп, қосымша 124 үйді аталған бағдарламаға сәйкес қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуге ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар