Шымкенттің әкімі Мұрат Әйтенов өз қызметінде қалды

None
Фото: gov.kz
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалды. Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұрат Дүйсенбекұлы 1981 жылы дүниеге келген.

Мұрат Әйтенов С.М. Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын, Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университетін және М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы инженер, заңгер.

Еңбек жолында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде, ҚР Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі, аппарат басшысы, ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары және Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

2020 жылдың 21 қаңтарынан бері - Шымкент қаласының әкімі.


Фото: gov.kz
Соңғы жаңалықтар