Шымкенттің 84 мектебінде 189 сынып карантинге жіберілген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оқу жылы басталғаннан бері Шымкент қаласында 487 бала COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Оның 146-сы жазғы демалыс кезінде сырқаттанып бастаса, 341-оффлайн сабақ кезінде ауру жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан осындай мәлімет айтты.

«2021-2022 оқу жылының басынан бастап 29 қыркүйекке дейін оқушылар арасында КВИ-дің 487 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 146 оқушы жазғы демалыс күндері ауырған, сондықтан мектепке бармады. Ал сырқаттанудың 341 жағдайы оффлайн форматта оқитын оқушыларда тіркелді. Оқу жылының басынан бастап 100 мектепте 291 сыныпта карантин белгіленді. Бүгінгі таңда қаланың 84 мектебінде 189 сыныпта карантин белгіленген», - деді қала әкімінің бірінші орынбасары.

Сонымен бірге, ол Ashyq жобасы бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.

«Қала бойынша Ashyq жобасына 8 571 нысан енген. «Қызыл» және «сары» статусы бола тұрып нысандарға барған жеке тұлғалар туралы 2 421 хабарлама түсті. Шымкент қаласы бойынша анықталғаны – 2089. Басқа облыстардан келіп анықталған жеке тұлғалар – 332 адам. Олар бойынша санитариялық-профилактикалық іс-шаралар атқару үшін аумақтық департаменттерге хаттар жолданды. Карантин режимін сақтамаған 488 жеке тұлғаға 21 074 005 теңгеге айыппұл салынды. Бұл жұмыс жалғасуда», - деді Шыңғыс Мұқан.


Соңғы жаңалықтар