Шымкенттің 2018 жылғы бюджеті бекітілді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің 2018 жылғы бюджеті бекітілді.  Қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен келер жылдың бюджеті 114 млрд 850 млн теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бюджетті бекіту барысында халық қалаулылары тұрмысы төмен отбасы  балаларының тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуіне қаржы бөлу мәселесін көтерді.  Бүгінде шым шаһарда әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар мен жетім және жартылай жетім  30 мың оқушы  тіркелген. Олардың арасында 11 мың оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілсе, биыл олардың қатарын тағы 6 мың оқушыны толықтырды. Енді  ол балалар да тегін ыстық тамақ ішетін болды.

Бұл мақсатта қажет қаржыны қала әкімдігі қарастыратын болып келісілді.

Халық қалаулыларының ұсынысымен Таскен елді мекеніндегі жаңа мектептің құрылысына да қаражат бөлінетін болды. Жалпы сессия барысында  депутаттар тарапынан көп ұсыныстар айтылды. Жиынға қатысқан қала әкімі барлық ұсыныстарды мұқият тыңдап, келесі жылы атқарылатын жұмыс жоспарларымен бөлісті. Жиын соңында шым қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан 6 азамат қала басшысының грамотасымен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар