USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Шымкенттіктер Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін қошеметпен қарсы алды

2021 жылғы 10 тамыз 20:07
Бөлісіңіз:
Шымкенттіктер Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін қошеметпен қарсы алды

ШЫМКЕНТ.ҚазАқпарат - Каратэден XXXII Жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлері Дархан Асаділов пен Софья Берульцева туған жерге оралды.

Ұқсас жаңалықтар
Гандболдан әлем чемпионаты: Қазақстан жарыстың келесі сатысына шықты Ертең Щучинскіде бокстан әйелдер арасында ҚР чемпионаты басталады Гандболдан әлем чемпионаты: Қазақстан қыздары Иранмен кездеседі

Шымкент қаласының халықаралық әуежайында жеңімпаз спортшыларды жерлестері зор қошеметпен қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов ғаламдық бәсекеде жүлдегер атанған спортшыларды әуежайдан қарсы алып, жерлестерімізді жарқын жеңісімен құттықтады. Төрт жылдықтың басты бәсекесінде ел үмітін ақтағанын, алдағы дүбірлі додаларда одан да жоғары жетістіктерге жетулеріне сәттілік тіледі. Сайыпқыран спортшыларға демеуші азаматтардың атынан темір тұлпардың кілтін табыс етті.

Айта кетсек, Токио Олимпиадасында Шымкент қаласынан 10 спортшы бақ сынаған болатын. Каратэ спортынан Дархан Асаділов пен Софья Берульцева жартылай финалға дейін жетіп, қола жүлдегер атанды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT